«Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы - 26 Февраля 2014 - Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ
Средняя школа имени М.ГорькогоСреда, 22.02.2017, 02:23

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 649
Главная » 2014 » Февраль » 26 » «Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы
«Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы
14:15


Тарихтан  өтті небір тарландар,

Тәуелсіздік даңғыл жолын салғандар.

Ұрпағына жыр уызын емізген,

Жыр алыбы ұлты үшін салған жол.


Ғасыр жасап ғасыр жүгін көтерген,

Кем көрмеген ұлы ұлтын еш елден.

Тәуелсіздік таңы туып бүгінде,

Ұлы баба ұлы арманы өтелген.

         Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев туралы ұлағатты ұстаздар мен ұлтын сүйген ұрпақтары жылына бір рет жыр аламанын ұйымдастырып, жыраудың салып кеткен ұлы сарынын жалғастырып келеді. Осындай игі шаралардың нәтижесінде бүгінгі ұрпақ қазақтың салтымен бірге қайнаған айтыс өнерінің қадіріне жетіп, қасиетін танып білді. Сонымен қатар халық арасындағы дарын иелері өз таланттарын танып білуге үлкен мүмкіндік беріп келеді.                                             

         Қаратал ауданында да бұл үрдіс, 13 ақпан күні Қаратал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр алыбы - Жамбыл» атты жас ақындар айтысы аталып өтті. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қадыс Ажар жыр сайысына қатысып, үздік өнер көрсетіп, екінші орын иеленді. Қаратал аудандық білім бөлімінің сұранысы арқылы 20 ақпан күні облысқа барып, Жамбыл оқуларының республикалық іріктеу сайысына қатысты.

         Ұстаз үшін шәкіртінің жеңсінен артық жеміс жоқ. Сол шәкірттің ертеңгі ұлы өнерге қадам басуына кішкентай болса да түрткі болсақ, міне, ұстаздың ұлы арманы,еңбегінің жемісі болмақ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Зейнолла Зылиха  

Просмотров: 1904 | Добавил: kms | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Февраль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017