Средняя школа имени М.ГорькогоПятница, 22.09.2017, 09:21

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 655
Главная » 2013 » Декабрь » 25 » Тәуелсіздік – ел тұғыры
Тәуелсіздік – ел тұғыры
07:14

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

 Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған  қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі - ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Горький атындағы МДШО бар орта мектепте де мектеп оқушылары салтанатты сап түзеді. Мемлекеттік Гимнмен ашылған салтанатты жиында мектеп директоры Болатбек Толқынбекұлы Тәжібаев құттықтау сөз  сөйледі. Тарих пәні мұғалімі Рахимжанова Галия Балтабекқызы  тәуелсіздікке жету жолындағы  тарихымызға қысқаша шолу жасады.    

Жиында 7 «а» сынып оқушысы Дүкенбаева Аяулым өзінің «Желтоқсан ерлері» әнін тарту етіп, оқушылар  желтоқсанға арнаған өлең шумақтарын оқыды.

    Келесі кезекте жантүршігерлік желтоқсан оқиғасынеске түсіретін видео көрсетіліп, желтоқсан құрбандарын еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Сол жылдары студент болып, қанды қырғынды көздерімен көрген ұстаздарымыз география пәнінің мұғалімі Хаметова Гүлнар Рамазанқызы мен ағылшын пәнінің мұғалімі Асылбекова Ләйлә Тоқтарқызы өз естеліктерін оқушыларға көздеріне жас ала айтып берді. Ұстаздардың әңгімесін тына  тыңдаған оқушылардың да қиын оқиғаның ауыр салмағын жүректерімен шынайы сезінгендері байқалды.

8,9,10 - сынып оқушыларының қазақ халқының сан ғасырлық тарихын көзге елестететін әдеби - монтаждарының тәрбиелік мәні ерекше болды.Ал туған жерге деген ыстық сезімін 7 «а» сынып оқушысы Букенбаева Айнұр  «Алтын бесік» әнімен жеткізді. Салтанатты жиын ақындарымыздың тәуелсіздік тақырыбына жазған өлеңдерін оқумен жалғасты. Жиын соңында 4 «а» сынып оқушысы Қасымова Әсем өзінің «Жетісу жұлдыздары» әнімен қонақтардың көңілінен шықты.

Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, оқушылар жұмыла еңбек етуі қажет екенін түсінулеріне өтілген іс – шараның тәрбиелік мәні зор болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Б. Қиябаева

Просмотров: 868 | Добавил: kms | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Декабрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017