Средняя школа имени М.ГорькогоВторник, 27.06.2017, 18:35

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 653
Главная » 2012 » Февраль » 3 » Сүйеді, аға, өзіңді, сүйеді қазақ!
Сүйеді, аға, өзіңді, сүйеді қазақ!
07:31


Дінмұхамед Ахметұлы- айрықша ар-
дақтауға лайықты қарымды қайраткер.
Сондықтан біз оны тәуелсіздікке дейінгі
тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп
бағалауымыз керек.
 
Н.Назарбаев.

 
   Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған оқиғаның дүрбелең жаюына бірден-бір себеп - Қазақстанды басқарып отырған Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып тастауы еді дегенді оқығанда, Дінмұхамед атамыздың қандай басшы болғаны туралы, еліне жасаған жақсылықтары, халқына деген сүйіспеншілігі, адал еңбегі жайында жазылған тарихи деректер, естеліктер, мақалаларды оқып, көңілге тоқи білдім.
   Тарих деректеріне сүйенсек, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстанды 30 жыл бойы басқарған екен, соның ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып 24 жыл, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болып 6 жыл қызмет атқарған екен.
   СОКП Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңестерінің көптеген шақырылымдарының депутаты болған Дінмұхамед Қонаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы үш мәрте беріліп, КСРО-ның және шетелдердің көптеген орден, медальдарымен марапатталыпты, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі атанған екен. Елімізді басқарған жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру, сонымен қатар, халық шаруашылығының маңызды шараларын, соның ішінде, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын, құрылыс пен сауданы дамытуға үлкен үлесін қосты. Ол мәдениет пен өнердің, спорт пен ғылым денсаулық сақтау мен білім беру салаларының дамуын үнемі қадағалап, қажетті көмек көрсетіп отырыпты.
   Әр заманда елінің қамын, ертеңін ойлайтын ұлы тұлғалардың болуы жаратылыс заңдылығы сияқты. Жаратқан ием ондай тұлғаларға ерекше назар салып, елі мен жеріне қорған боларлықтай ақыл-парасат, ізгілік пен көрегендік, т.б. асыл қасиеттерді өзгеден артық ұсынатыны белгілі.
   Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Өз заманының заңғар ұлы деп» баға берген, бүкіл саналы ғұмырын , бойындағы күш-қуатын, білімі мен парасатын Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендетуге жұмсаған, республиканы ұзақ жылдар бойы басқарған Дінмұхамед атамыз ел тарихындағы Ұлы тұлғалардың көшбасында тұр.
Дінмұхамед Қонаев еңбегін оқып отырып, адамға тәлім-тәрбие беретін даналық сөздерді жанымызда сақтап, жадымызда жаттап жүру керектігін түсіндім. Нақты мысал келтірейін: «Жібі түзу немесе жаны таза адам кез келген жағдайда, қандай қызметте істемесін қашанда ар-ожданын биік ұстауы керек» немесе «Өмірге, қоғамдық құбылысқа бір түспен – тек қара бояумен қарау жараспайды. Әділдік іздесек, ақиқаттан аттауға болмайды»,- деген нақылға толы сөздері адалдықты, әдділдікті, шындықты көздесе керек.
   Замана заңғары Дінмұхамед атамыз туралы еліміздің атақты жазушылары, журналистері және қызметтес болған замандастары, отбасы мен араласқан ағайындары шынай пікірлерін, естеліктерін көп жазды. Солардың біріне тоқталатын болсам, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Б.Әшімов : «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ұзақ та жемісті ғұмыр кешті. Ол Қазақстан тарихында және ел жадында жарқын тұлғалардың бірі болып қалды»,- деп еске алады. «Димаш Ахметұлы шығармашылықпен айналысатын зиялы қауым өкілдеріне, жаңадан көріне бастаған жастарға өте бір нәзік, пәк сезіммен қарады, көмектесті. Олардан әкелік, ағалық қамқорлығын аямады»,- деп жазады қоғам қайраткері Б.Рамазанова.
   Д.Қонаев қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, әсіресе, ән-күйін ерекше жақсы көрген, құрметтеген екен.
   Н.Тілендиевтің : «Алып тұлға байсалды, Алаулаған Алатау» деп басталатын ән мәтіні Дінмұхамед атамызға арналғандай. Атамыздың алып тұлғасын көз жетпес биік шыңға теңеуге болады.
   Мен шығарманы ақын Темірше Сарыбаевтың өлең жолдарымен аяқтаймын:
Жоғары қойған о баста алтыннан арын,
Өзгенің қайтсін қоңыр ой, салқын қабағын.
Ұждан мен ардың әлемдік өлшемі ең өзің
Ұрпақ алдында мәңгілік жарқын жанарың.
 
Аруақты орын қашаннан, киелі қазақ,
Бітімі бөлек, сөзі ерек, сүйегі ғажап.
Айдай әлемге танылған Адалдығым деп,
Сүйеді, аға, өзіңді, сүйеді қазақ!
 
М.Горький атындағы МДШО бар орта мектебінің
9 «А» сынып оқушысы Аутова Әймен
Просмотров: 758 | Добавил: kms | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Февраль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017