Средняя школа имени М.ГорькогоВоскресенье, 28.05.2017, 05:56

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 653
Главная » 2011 » Ноябрь » 21 » Өнерліге –өріс кең
Өнерліге –өріс кең
16:05
    Өнер –жаратқанның пендеге берген үлкен сыйы. Осындай қасиетті сыйға бөленген, шынайы дарын иесі, ән десе шығарда жаны бөлек, зор дауысымен талай тыңдарман қауымның ықыласына бөленіп жүрген мектебіміздің 10 «а» сынып оқушысы Нығметжанов Жарас Талдықорған қаласында өткен «Өңірлік ҮІІ жастар Дельфийлік ойындарында» І орынды жеңіп алып, Атырау қаласында өткен Республикалық «Қазақстанның ҮІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында» өз бағын сынап, «Эстрадалық ән салу» номинациясымен марапатталды.
    «Талпынған –жетер мұратқа» демекші, Жарас осы байқауда өнерсүйер қауымды өзіне тән дауысы, керемет орындаушылық мәнерімен баурап алып, тыңдарман жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды.
    Құлақтан кіріп бойды алар
    Әсем ән мен тәтті күй.
    Көңілге түрлі ой салар
    Әнді сүйсең, менше сүй –
    дейтін Абай сөзін ту ететін Жарас күні бүгінге дейін мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, ауданымыздың абыройын бұлбұл үнді дауысымен асқақтатуда. Атап айтсақ, қол жеткізген жетістіктері: 2009 жылдың 8 ауысымы «Жас таланттардың шығармашылық шеберханасы» бағдарлама барысында «Вокалист» байқауының жеңімпазы, аудандық «Өнерлі өрнектер» байқауының Бас жүлдегері, Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен «Балбұлақ -2010» балалар шығармашылығы байқауындағы үздік орындаушылық шеберлігі үшін ІІІ дәрежелі диплом, аудандық «Патриоттық әндер» байқауының бас жүлдегері.
    «Батамен ер көгерер» демекші, Жарасқа талабыңа нұр жаусын, өмірдің көгінен, өнердің төрінен көрініп, еліміздің жарқын жұлдыздарының бірі бол деген тілек білдіргім келеді.
 
М. Горький атындағы МДШО орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. Ғ. Мұсабекова
Просмотров: 2876 | Добавил: Lazzat | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Ноябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017