Средняя школа имени М.ГорькогоСреда, 26.04.2017, 12:50

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 652
Главная » 2010 » Сентябрь » 3 » Мектебім-маkтанышым
Мектебім-маkтанышым
08:12
  Қазақ жұртшылығын толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
  ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру – біздің басты міндеттеріміз.
Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсүі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты.
  Мұғалімдік – қастерлі мамандық. Олай дейтініміз, оқушының алдағы өміріне шам-шырақ жағып, оқу, білім, өнерге баулыған ұстаз әр шәкіртің жүрегінде өшпес із қалдырады. Ұстаздың шарапатын көрмеген адамдар бұл өмірде жоқ та шығар. Сондықтан мұғалім алдында барша адамзат баласы бас иген. Осынау елімізге танымал адамдардың, ақындар мен жазушылардың, ел басқарып отырған білімді азаматтардың бәрі де ұстаздардан тәлім алған. Барлық сала мамандықтарының бастауы да осы мектеп кезінде алған білім негізінде қаланады. Бүгінгі таңда жаңа ғасыр педагогына жаңаша талап жүктелуде. Осы бағытта, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жанкешті еңбек етіп жүрген ұстаздар қаншама.
  Менің бүгінгі әңгімем Қаратал ауданында күні кеше басталған жазиралы жаз да өте шығып, күш-жігер жинаған балаларына қушағын жайып қарсалып, Білім күнін «Елбасы мұраты- ел бақыты, гүлденген Қазақстан» ұранымен өткізген, осындай білімді де білікті ұстаздарының арқасында болашақ тәрбиесіне өздерінің зор үлесін қосып, күнделікті жұмысын талмай атқарып жүрген білім ордасының бірі жайлы болмақ. Мерекеге келген Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы М.Н.Рахымбаев өзінің құттықтау сөзінде өткен оқу жылы қорытындысы бойынша ІІ орын алған Максим Горький атындағы МДШО мектеп мақтануға тұратыны туралы атап өтті.
2009-2010 оқу жылында физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында алғаш рет Elluminate Live желілік жүйесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленинград орта мектебінің ұстаздарымен бірлескен дайындық жұмыстары тәжірибеленді.
2009-2010 оқу жылында ҰБТ бойынша орташа балл 86,0 құрады. 10 оқушы 100 баллдан жоғары, 3 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. 19 оқушы Мемлекеттік Грант иегерлері атанды. Мұның бәрі мектеп ұстаздарының бір кісідей жұмыла жасаған еңбегі және бұл жерде оқушылармен жүргізілетін жұмысты жақсы жолға қойған сынып жетекшілері Лейла Тоқтарқызы мен Валерия Константиновнаны ерекше атаған жөн.
  2009 жылдың 13 қазанынан 24 желтоқсаны аралығында он-лайн режимде өткен «ҒАЛАМШАР БІЛІМДАРЛАРЫ» атты студенттер мен мектеп оқушыларының VІІІ-ші Халықаралық Интернет-Олимпиадасында мектебімізден қатысқан төрт команданың екеуі І-ші лига жеңімпаздары атанып, 12 оқушы арнайы Халықаралық дәрежедегі дипломдармен және М.Горький атындағы МДШО орта мектеп арнайы Халықаралық дәрежедегі сертификатпен марапатталды.
  2009 жылы Алматы облыстық білім Басқармасының жаңа ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған «Мектеп сайты-2009» конкурсында мектебіміздің сайты «Ең ақпараттандырылған сайт» номинациясын иеленді. Қазіргі кезде мектебіміздің сайты ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған «Ең үздік сандық білім беру ресурсы» атты Республикалық конкурсына қатысуда. Ал, аудандық «Жылдың үздік мұғалімі -2010» конкурсында шет тілі пәнінің оқытушысы Абдраимова Гульзифа Сұлтанқызы 1-ші орынды иеленсе, Оралхан Бөкей атындағы аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауында 1-ші орын алған қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ләззат Ғалымжанқызы Мұсабекова облыстық байқауға жолдама алды.
2009 жылы 6-7 қазанында Алматы қаласында ЮНЕСКО кластерлік бюросының өкілдері қатысқан конференцияда М.Горький атындағы МДШО орта мектептің жұмыс жүйесін халықаралық деңгейде тарату және «Ресурстық орталық» құру туралы ұсыныс жасалды.
  Мектеп тарапынан «Педагогтардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру әдістемелік кешенін» құруға атсалысылды. 2010 жылдың 9 ақпанында ҚР Білім және ғылым Министрлігінің №47 бұйрығымен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын Республикалық институтпен авторлық бірлестікте жасалған, білім беру ұйымдарының басшыларына және пән мұғалімдеріне арналған «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бойынша құзырлылығын қалыптастыру ПОРТФОЛИОСЫ» бекітілді.
  2010 жылы 2-3 наурызда Астана Білім және ғылым Министрлігінің және Майкрософт корпорациясының ұйымдастыруымен «Білім берудегі жаңашылдық» атты Халықаралық Форумда мектептің педагогтарының 5 жылдан бері бастап істеп жатқан жұмыс жүйесі, іс-тәжірибесі таратылып қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
  2010 жылдың 30-31 наурызында Талдықорған қаласында өткен «12-жылдық Білім беруге көшуде информатика пәнін бейімді оқыту курсының ғылыми әдістемелік негіздері» Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда информатика пәнінің Абишева Э.Н «12-жылдық білім беруге кошу жағдайында инфоматиканы бейімді бағытта оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, грамотамен марапатталды.
  2010 жылы 17 сәуірінде Елбасының Интерактивті оқыту бастамасын қолдау мақсатымен «Электронды оқыту 21 ғасырдың жаңа парадигмасы» атты IІ –ші мектепшілік Форумын өткіздік, Форумға ҚР Білім Министрлігі, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын Республикалық институт, Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, Алматы облысының мұғалімдер біліктілігін көтеру және кәсіби шеберлігін дамыту институты мен республика облыстарының білім беру мекемелері қатысып, жоғары деңгейде өтті.
  «Қаратал аруы-2007» аудандық байқауында Биболанова Әлия бас жүлде, облыста 1-ші орын; «Қаратал аруы-2008» аудандық байқауында Бейсембаева Жанар 1-ші орын; «Қаратал аруы-2009» аудандық байқауында бас жүлдені жеңіп алған , ҰБТ-да 119 бал жинаған Елікбаева Алтынай Талғатқызы тектілікті, сабырлылықты, парасаттылықты, нәзіктікті бойына жиған шәкірттерміздің барлығының дәлелі. Кейінгі облыстық «ЖЕТІСУ АРУЫ-2009» сыр мен сымбат сайысында Гран-При және Алматы облысының Әкімінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.
  2010 жылдың 2 маусымда Нұр Отан ХДП аудандық филиалының қолдауымен өткізілген «Елімнің қасиетті белгілері» атты семинарында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Ізбасарқызы Байболатованың мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысы туралы жасалған есебі жүлделі І орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен /радиотелефон/ марапатталды, ал «Жырлаймын елмнің рәміздерін!» атты өлеңімен жас ақындар мүшәйрасына қатысқан 8а сынып оқушысы Сымбат Қожагелдиева мен мектеп жоғары сынып оқушыларының кеңесінің мүшесі жұмысын қорғап 9ә сынып оқушысы Динара Абдуева да жүлделі орынға иленіп бағалы сыйлықпен марапатталды
  Аталған жылы Республикалық «Әлем балалар жанарында» атты балалар шығармашылығы байқауында 9в сынып оқушысы Айдар Қожахметовтың түсірген суреттері ІІ орынға иеленіп, қабырға күнтізбесіне енгізілді.
Осы оқу жылында аудандық Ілияс Оқуларына қатысқан 7ә сынып оқушысы Елнұр Қанатов Бас Жүлдені жеңіп алып, облысқа жолдама алды.
  2010 жылдың 5 маусымында «Жазиралы жер жаннаты–Жетісу» атты Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған оқушылардың облыстық экологиялық Форумында шығармашылық жетістіктерге жеткен оқушымыз Қалдықұлова Айжан ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Дайындаған ұстаздары Айнаш Өмірзаққызы мен Жанар Әуезқызы.
Алғашқы қоңырау мерекесінде, мектеп ұстаздары мен оқушыларының жетістіктері жайлы естіп, көңілім толды.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген сөз осы мектеп ұстаздары мен оқушыларына арналған сияқты.

Г.І. Байболатова
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



Просмотров: 3464 | Добавил: kms | Рейтинг: 3.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Сентябрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017