Ұлағатты ұстаздар жанымызда - 13 Ноября 2011 - Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ
Средняя школа имени М.ГорькогоПонедельник, 23.01.2017, 11:41

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 646
Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » Ұлағатты ұстаздар жанымызда
Ұлағатты ұстаздар жанымызда
15:24
   Қазақ жұртшылығын толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
   ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру – біздің басты міндеттеріміз.
   Мектеп, бала-бақшадағы тәлім-білімге аса зор көңіл бөлу, еліміздің болашағының білімді, өнерлі, қоғамға пайдалы болып өсуі үшін өте маңызы зор.
   Мұғалімдік – қастерлі мамандық. Олай дейтініміз, оқушының алдағы өміріне шам-шырақ жағып, оқу, білім, өнерге баулыған ұстаз әр шәкіртің жүрегінде өшпес із қалдырады. Ұстаздың шарапатын көрмеген адамдар бұл өмірде жоқ та шығар. Сондықтан мұғалім алдында барша адамзат баласы бас иген. Осынау елімізге танымал адамдардың, ақындар мен жазушылардың, ел басқарып отырған білімді азаматтардың бәрі де ұстаздардан тәлім алған. Барлық сала мамандықтарының бастауы да осы мектеп кезінде алған білім негізінде қаланады. Бүгінгі таңда жаңа ғасыр педагогына жаңаша талап жүктелуде. Осы бағытта, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жанкешті еңбек етіп жүрген ұстаздар қаншама.
   Менің бүгінгі әңгімем Қаратал ауданында осындай болашақ тәрбиесіне өздерінің зор үлесін қосып, күнделікті жұмысын талмай атқарып жүрген білім ордасы М.Горький атындағы МДШО орта мектебінде табаны күректей 25 жыл еңбек етіп, ізгіліктің нұрын сыйлап, жақсылықтың шамын жағып, білімнің дәні мен нәрін егіп жүрген ұлағатты ұстаз Гүлнар Ізбасарқызы Байболатова жайлы болмақ. 
   Гүлнар Ізбасарқызы: «... ұстаздық жолын таңдағаным, дүниеден ерте озған марқұм анамның арманын орындағаным»-дейді. Алайда, осы жылдарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беріп те, қазақ тілінде оқитын бастауыш сынып мұғалімі болғанда да, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі және соңғы 5 жылда тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүргенімде де бір сәт өкінген емеспін- деп ағынан жарылып әңгімелейді. Бұған себептес болғаны, өзім оқып шыққан мектебіме оралғанымда өзімді тәрбиелеп оқытқан ұстаздарымның көптен-көп ықпалы.
   Болашақ ұрпақ жауапты, жігерлі болу үшін мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс - әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізуге болатыны баршамызға мәлім. Ол үшін мұғалім жаңа оқу технологиясын жетік білу керек. Гүлнар Ізбасарқызы жаңа заман білім беру талаптарына сай ақпараттық технологияларды жетік меңгергеннің нәтижесінде Аймақтық «Мұғалім мәртебесі-майталмандықта» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, марапатталды. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты өткізген «Оқытудың жаңа технологиясы-білім сапасын арттыру жолдары» курс- конкурсына қатысып жүлделі 3 орынды иеленді.
   Мұғалім өзінің қарапайым да, парасатты болмысымен көпшіліктің алғысымен сый-құрметіне бөленіп жүрген ұстаз.
И.Т.Байгазакова, мектеп әдіскері
Просмотров: 894 | Добавил: Irina | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Ноябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017