Средняя школа имени М.ГорькогоПятница, 22.09.2017, 09:21

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 655
Главная » 2011 » Февраль » 26 » Болашақтың іргесін бірге қалауға дайынбыз!
Болашақтың іргесін бірге қалауға дайынбыз!
08:59
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын әр кез аса асыға күтіп, тыңдаймыз. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Қазақстанның әлемдік аренаға шығып, танымал болуы — барша қазақстандықтардың жетістігі. Елбасы Жолдауында «...1997 жылғы алғашқы Жолдауымда мен: «2030 жылы біздің ұрпағымыз әлем таныған елде өмір сүретін болады» деген едім. Сол кезде менің айтқаныма күмән келтіргендер болды», — деді. Расында ол кезең өте қиын болатын, біз сол сөздердің шындыққа айналатындығына сенбеген едік. Бірақ бір мүшел жастан артық уақыт өткен соң, Елбасы айтқан сөздерінің бүгінде шындыққа айналып отырғандығының куәсі болдық. 56 елдің басшылары мен үкіметтік емес ұйымдарын жинаған Саммит 2030 жылға дейінгі бағытымыздың дұрыс екендігін мойындата білді.
Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы — қазіргі күнгі бағыт-бағдарымыздың жарқын көрінісі. Бүгінгі жас ұрпақтың барынша терең біліммен сусындауына мол жағдай жасап, ақпараттандыру заманында алға жылжуды, соның ішінде ауыл мектептерін көтеру мәселесін ілгерілетті.
Президенттің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты халыққа Жолдауы — кемел келешегіміздің жарқын аяқ алысын, алдағы бағыт-бағдарымыздың нақты белгісін айқындауға бағытталған. Жолдау еліміздің ішкі және сыртқы саясатына, соның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру ісін одан әрі ілгерілетуге арналған.
Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауы еліміздің алдағы он жылда даму бағытына жөн сілтеп отыр. Жолдауда елімізде білім саласын одан әрі дамытуға нақты тапсырмалар берілгені көңілге зор қуаныш ұялатады. 2015 жылға қарай еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының саны артатыны қуанышты жай. Тек саны ғана артып қана қоймай, сапасын арттыруға да көңіл бөлінбек. Енді жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткен ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарына тыйым салынбақ. Осыдан соң бұл ғылыми атақтарды еңбегі сіңген, лайықты жандар ғана иеленбек. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласына да үлкен мән берілген.
Жолдаудағы Елбасының 2020 жылға қарай «Қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгеретін болады» деген сөзі көңілімізді бірледі. Бұл — тіл майданындағы қазақ тілінің толық жеңісі. Елбасымыздың Жолдауында айтылған мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға байланысты ойлары – қазақ жастарының ұлтжандылығын көтеруге бағытталған игі бастамасы деп білеміз. Қазіргі қазақ жастары – үш тұғырлы тіл саясатын қолдайтын, білікті де білімді, әлемдік стандартқа сәйкес біліммен қаруланған, кез келген ұлтпен иық тірестіре алатын жалынды адамдар болуы тиіс. Бұл — Елбасының жастарға деген ықыласы мен ел болашағына білдірген үлкен үмітінің көрінісі.
Қазақ мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын да шешуші кезеңде сара жол бастап, 20 жылға жуық мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып, өсіп-өркендеуі үшін қалтқысыз еткен еңбегі ұшан-теңіз. Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуын, біз, қазақ жастары, қолдаймыз!
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуіне қазақ жастары әрқашан дайын болды және болашақта салиқалы да сындарлы бастамалардың басында тұрмақ, біз Елбасымен біргеміз, болашақтың іргесін бірге қаласуға дайынбыз!
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған көптеген аса маңызды әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтқанда, жыл сайын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің көбеюі жақсы дәстүрге айналды. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп келеді, ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға тұрақты түрде көңіл бөлінуде.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылардың, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлері жалақысы мен студенттердің стипендияларының өсуі де Елбасы тапсырмасының нақты нәтижесі деуге болады. Расында, тәуелсіздік жылдарында орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа мөлшері 4 есеге көбейді.
Халқымыздың жағдайының түзелуі үшін жұмыс істеп жатқан Елбасы Жолдауында көптеген маңызды мәселелер айтылды. Жыл сайынғы Елбасы Жолдаулары қалай орындалып жатқанын көріп-біліп жүрміз. Бұл Жолдауда айтылған тапсырмалар да уақытында жүзеге асып, қазақ елі игілігін көретініне сенімім нық.
Президент өз сөзін өткен жылы іске асырылған жұмыстарды саралаудан бастады. Еліміздің 50 елдің қатарына кіргендігі — халқымыздың әл-ауқатының жақсарғанының, ел дамуының жаңа белеске көтерілгенінің айғағы.
Президентіміз Н.Назарбаевтың дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауын біздің мектеп ұжымы мен оқушылары, қызметкерлері зор ықыласпен тыңдады. Біз, білім саласы қызметкерлері, еліміздің білім беру саласында атқарылатын істерді естіп, марқайдық. Ал атқарылған істер — көз алдымызда. Мысалы, біздің жәй ғана ауылдық мектебімізде 2 компьютерлік сынып, 7 интерактивтік тақта, заман талабына сай жабдықталған физика, биология, химия және 2 бастауыш сынып кабинеттері бар.
Мектебіміздің мақтанышы болған түлектерімізді — «Алтын белгі» иегерлерін — бүгінде мемлекетіміздің жүрегі-Астана қаласында оқып жатқан Маржан Кешуова, Марина Ляпустина, Назира Байсеитоваларымызды мақтан тұтып, балаларымыздың сапалы білім алып жатқанын айтқымыз келеді.
Қазіргі уақытта оқып жатқан оқушыларымызда осал емес, олар да өздерінің аға буын ағалары мен әпкелерінің ізін басып, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді. Атап айтсақ: «Алтын белгі» үміткерлері Анастасия Салагаева, Әсем Макенова, Әйкен Дандағұловалар және де 9-10 сынып оқушылары Айжан Қалдықұлова, Эльмира Исхакова, Айдар Қожахметов, Мерей Аханов, Фариза Санатова, Ғаухар Жолимбековаларымыз біздің болашақта үлкен сенім артып отырған мақтанышымыз.</font>
Просмотров: 1948 | Добавил: gulnara | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Февраль 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017