Средняя школа имени М.ГорькогоВторник, 24.10.2017, 07:08

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 655
Главная » 2011 » Ноябрь » 29 » Бір көрген біліс, екі көрген таныс
Бір көрген біліс, екі көрген таныс
14:32
    Маусым айының 16 мен 23 аралығында студенттердің тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында, Оңтүстік Корейдің Тэгу қаласыдағы, Кеменг университетінен 37 студент, 3 жетекшісімен бірге мектебімізге ат басын тіреді. Сондай-ақ қайырымдылық мақсатты басты назарда ұстанған шет елдік қонақтар мектепке материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, бір тобы мектептің алдына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізсе, суретшілері мектептің асханасы мен дәлізіне көңілді суреттер салып, өз өнерлерімен тәнті етті. Спортшы жігіттері мектеп оқушыларына олимпиада ойындарының тізіміне енген шығыс жекпе-жегі таэквондоның қыр-сырын үйретіп, жазғы демалыстағы балаларға естен кетпес әсер қалдырды. Мың бұралған бишілері мектептің акт залында жасөспірімдерімізбен би өнерімен тәжірибе алмасты. Осылайша тілі бөлек, тілегі бір жалынды жастар өзара тіл табысып, апта бойы мектепте қызықты уақытты бастан кешті.
    Апта аяғында шағын орталықтың ойын алаңының сырлау жұмыстарын аяқтаған корейлік студенттердің мемориалды тақтасының салтанатты ашылу рәсімі болды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің өкілдері және аудандық білім бөлімінің мамандары шақырылды. Шет елдік танымал МВС телеарнасының тілшілері де арнай келіп, жерлестерінің игілікті істерін отандастарына жеткізуге асықты. Ашылу салтанаты қонақтардың концертік бағдарламасымен жалғасын тауып, мектеп директоры Болатбек Толқынбекұлы Кеменг университетінің басшылығына, кәріс ұлтының БАҚ өкілдеріне алғыс жариялап, жастарға мақтау қағазын табыс етті.
    Қоштасар сәтте достасып үлгерген мектеп оқушылары мен студентер көздерінен қимастық достық сезім көрініп, көзге еріксіз жас әкелді.

 

Просмотров: 1019 | Добавил: Ahat | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Ноябрь 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017