Средняя школа имени М.ГорькогоВторник, 27.06.2017, 18:40

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 653
Главная » 2011 » Февраль » 9 » Азиада 2011
Азиада 2011
17:09

Спорт бүгінде біздің өмірімізде ең маңызды орын алса, ал сала­уатты өмір салты жетістік­теріміздің алғышарты. Егер адам осы екеуін  қатар ұстанса, онда ол қоғамдағы беделді әрі күшті интеллектуал болып есептеледі. Президенттің Жолдауда: "Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шара­ларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30 пайызға дейінгі қазақстан­дықтар бұқаралық спортқа тар­тылуы керек”, деп ұлттың саулығы жайында атап көр­сетуі өте өзекті мәселе. Ал менің көзқарасымда бұл, ең алдымен, жастарға қатысты. Өйткені, қыз-жігіттер біздің еліміздің болашағы.

2011 жылдың 30 қаңтар-6 ақпан күндері Астана мен Алматы қалаларында өткен ҮІІ қысқы Азия ойындары Қазақстан тарихындағы орасан оқиға болғаны айқын. Алып құрлықтың ең үздік спортшылары төрт жылда бір рет бәсекеге түсетін бұл жарысты шын мәнінде аламан бәйге десе болады. Бұл жарыстарды Азияның Олимпиадасы десек те жарасады. Азия ойындары Қазақстанға не берді?!  Бұл сауалға беретін жауап біреу-ақ. Азиада – Қазақстанның еңселі ел екенін, Азиада – қазақтың бірлігі мен тірлігі жарасқан халық екенін, Азиада – мемлекетіміздің экономикалық және спорт жағынан басқа елдермен бәсекеге қабілетті екенін төрткүл дүниеге көрсетті. Ал спорт ғимараттары Қазақстан халқының келешегіне игілік болып қала береді.

Бұл доданың ақжолтай жаңалығы - біздің бастамамызбен өткізілген  алау эстафетасы  болды. Ол – бұрынғы өткен ойындарда болмаған оқиға. Тағы бір айтарымыз, бұл жаңашылдық еліміздің барлық аймақтарын қамтып, алау эстафетасын жеткізу салтанатына ең алдымен Қазақстан спортына айрықша еңбек сіңірген спортшылар, спортқа дарынды балалар, аймақтардағы қадірлі ардагерлер, сонымен қатар олимпизм идеясына адалдықпен қызмет істеп келе жатқан азаматтар да эстафета мерекесіне қатыстырылды.

Тағы бір ерекшеленген  сәті - ҮІІ қысқы Азия ойындарының  ашылу салтанаты. Азия Ашылу салтанатына арналған бағдарламаға қазақстандық тарихшылар, музыканттар, әдебиетшілер және мәдениеттанушылар кеңес берушілер қатысып, салтанатты думанға тек кәсіпқой әртістер тартылған.  Бұл салтанат барысында Қазақстанның ұлттық сипаты ерекшеленіп көрсетілді. Тіптен елдігімізді әспеттейтін бұрын байқалмаған эпизодтар да болды. Тағы бір айта кететіні, бұл Азиада ойындарын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесінің бастауы болғаны. Яғни, біз осы салтанат арқылы еліміздің мерейлі жылын, мәртебесін бүкіл әлемге білдірді. Азиада өтетін 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Осындай мәртебелі мерекенің бастауы болатын Азия ойындары шын мәнінде ел абыройын асқақтай түсетін шара болды.

Азиада ойындары құрлықтағы ең мықты спортшылардың бәсекесімен ғана есте қалмайтыны анық. Бұл жарыстар барысында Қазақстанның бүгінгі жасампаз өмірін, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін де айшықтайтын айтулы шаралар болып өтті. Осы орайда 2011 жылғы ҮІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы «Мәдени Азиада» бағдарламасын әзірледі.

Әрине, Азиаданың ең айшықты сәтінің бірі алау эстафетасы мен ойындардың ашылу салтанаты болғаны айтпаса да түсінікті. Ал елдігімізді танытатын мәдени іс-шаралар Азиада ойындары басталмай-ақ жүргізіле берді. Атап айтқанда, Астанада жыл сайын 1 желтоқсанда басталатын жаңа жылдық шыршаның жағылу салтанаты биыл Азиада ойындарына арналып, «Оттың мұзды алауы» атты мұзды мүсіндер фестиваліне айналып кетті. 31 қаңтар – 5 ақпан аралығында «Астана дауысы» музыка және би фестивалі, Халықаралық цирк фестивальдері ұйымдастырылды. 25 қаңтар – 10 ақпан аралығында Бейнелеу өнерінің көрмесі, Азиялық суретке түсірушілердің фотокөрмесі және Кәдесый және спорттық өнімдердің жәрмеңкесі өткізілді. Ал Азиада қонақтары үшін ұйымдастырылатын ең маңызды шара қазақ халқының салт-дәстүрін көрсететін «Қазақ ауылы» фестивалі болды. Бұл фестиваль елордамыз Астанаға келген мыңдаған қонақтар қызығып көріп, тамсанып тамашалап, мәдени-рухани шаралар ордасына айналды. Өйткені дәл осы фестиваль аясында қазақ халқының тарихи салт-дәстүрлері айшықталып көрсетілді. 29 қаңтардан 2 ақпанға дейін жалғасқан айтулы фестиваль барысында ұлттық музыка және театрландырылған қойылымдардың концерті қатар жүріп жатты.

Ал Алматы қалысындағы шаралар ауқымы жағынан да, көркемдік жағынан да бар қонақтың көңілін көтере алады деген  сеніміміз де толық ақталды. Өйткені, Азиаданың қарсаңында мыңжылдық тарихын бекіткен Алматы қашаннан туристердің жиі келетін шаһары! Атап айтар болсақ, Алматы баурайында «Азия елдерінің мәдениеті» фестивалі, «Қарлы Барыс паркі» жобасы, «Қазақстанның мәдени астанасы», «Ұлы Жібек Жолы» көшпелі өркениет фестивалі секілді шаралар өткізіліп жатты. Мінекей, осылайша Астана мен Алматы қалаларында өткен Азия ойындары тек қана байрақты сайыстар өткізіп қоймай, қазақ елі мәдениетінің мерейін де айшықтайтын мерекеге ұластыра білді.

 Ал доданың өзіне келсек, Астана мен Алматы қалаларында алауы тұтанған ҮІІ қысқы Азия ойындарының бірінші күні-ақ  қазақстандықтарға зор қуаныш пен шаттық сыйлады. Әдетте осындай ірі додалар басталған бетте жолымыз бірден оңғарылмай, алғашқы медальді көпке дейін күтетін едік. Бұл жолы байрақты бәсеке өз елімізде өткендіктен бе, өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысқан жерлестеріміз ерекше бір құлшыныспен жарыс жолына жұлқынып шықты. Бұл әрекетіміз нәтижесіз болған жоқ, қоржынымызға 6 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль түсті.

Ақ Азиаданың алғашқы медалін Ольга Новикова әперді. Шаңғымен спорттық бағдарлаудың спринттік сайысында сынға түскен ол белгілеген қашықтықты 13 минут 4,7 секундта жүріп өтіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жерлесіміздің бұл табысын кездейсоқтық деп айтуға ауыз бармайды. Өйткені Новикова бұған дейін де өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантып жүрген. Мәселен, былтырғы жылғы әлем кубогы жарысының қорытындысы бойынша ол рейтингте бірінші орында келеді. Сол себепті ұлттық құрама бапкерлері Ольганың Азия ойындарында орасан зор табысқа жететініне еш күмән келтірген жоқ. Ал алтын алқа тағынған қыз: «Бұл тек басы ғана, Қазақстанның әнұраны Алатау баурайында әлі талай мәрте шырқайды», – деп нық сенім білдірді. Ольга Новикова Қытай спортшысы Лю Чаотиннгтен 4 минут 25,1 секунд озды. Алматының іргесіндегі «Табаған» спорт кешенінде фристайл шеберлері могул бағдарламасы бойынша сынға түсті. 1992 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылған бұл спорт түрі соңғы уақытта қарқынды дамып келеді. Еуропа мен Америкада кеңінен тараған фристайлды азиялықтар да жете меңгере бастады. Осы спортта біздің ел Юлия Галышева, Дмитрий Рейхердтер бастаған саңлақтарымызға үлкен сенім артқан еді. Өйткені дәл осы екі спортшымыз кейінгі кездері өте сәтті өнер көрсетіп жүр. Өз елімізде өтіп жатқан мәртебелі жарыста жауапкершілік жүгінің тіптен ауырлай түсерін жақсы сезінген олар намысты қолдан бермеді.

Сөзімді қорыта келе  бұл мәртебелі жарыста жауапкершілік жүгінің тіптен ауырлай түсерін жақсы сезініп, намысты қолдан бермеген спортшыларымызды атап өткенді жөн көрдім: Алексей Полторанин, Николай Чебатько, Дмитрий Кошкин, Игорь Закурдаев, Дмитрий Бармашов, Александр Червяков, Людмила Федотова, Ксения Строилова, Юлия Галышева, біздің жерлесіміз Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, Денис Тен, Руслан Әблатифов, Дмитрий Бабенко, Оксана Яцкая, Елена Коломина, Марина Лебедева, Жібек Арапбаева, Андрей Хомутов тізгінін ұстаған шайбалы хоккейден құрамында Виталий Еремеев, Вадим Краснослободцев, Федор Полищук, Дмитрий Уппер сынды сақа ойыншылары бар Қазақстан құрамасы, шайбалы хоккейден әйелдер Қазақстан құрамасы.

Осылайша командалық есепте Қазақстан құрамасы жеке-дара көш бастап,   қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль салып, бүкіл әлемге Отанымыздың даңқын арттырып, мәртебесін биіктетті!

Біздің мектеп ұжымы да дүбірлі додадан тыс қалмады. Мектепе ҮІІ қысқы Азия ойындарының ашылуына арналған « Қазақстан Азиаданы қарсы алады» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Азия ойындары қарсаңында «Спорт-денсаулық кепілі» атты денсаулық күні болды. Оқушылар арасында «Ирби- менің досым» тақырыбы бойынша суреттер байқауы өткізілді, үздік суретшілер марапатталды. Сонымен қатар, «Спорт-бейбітшілік кепілі» тақырыбында шығарма байқауы болып өтті.


Просмотров: 1971 | Добавил: kms | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Февраль 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017