Средняя школа имени М.ГорькогоВторник, 24.10.2017, 07:08

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 655
Главная » 2014 » Февраль » 17 » Қара өлеңнің Хантәңірі –Мұқағали Мақатаев
Қара өлеңнің Хантәңірі –Мұқағали Мақатаев
08:09

Қара өлеңнің Хантәңірі –Мұқағали Мақатаев

Мұқағали жырларынан әр ұрпақ өзінің сырын, мұңын,  жанының жаңғырығын, дертінің дауысын табады                       Әділ Ахмет

Қазақ қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне- өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылары бар. Данышпан Абай, абыз Жамбыл, отты Махамбет, жұлдыз Сұлтанмахмұт, тұңғиық Мағжан, Құлагер Ілияс, дауыл Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.

Солардан кейін қара өлеңнің көшкеруенін қаранардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат.

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. 

Мектебімізде поэзияның асқар шыңы, жыр дүлдүлі –Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай,  сезіммен  өлең өрген жыр пырағы Мұқағали  поэзиясын дәріптеу, шығармаларының шынайылығын тану мақсатында «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты жыр мүшәйрасы өтті. Іс –шара барысында ақиық ақынымыздың өмірі, шығармашылығына байланысты бейнефильмдер көрсетіліп, өз дауысымен оқылған өлеңдер тыңдалды. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1) Ақынның бір өлеңін жатқа оқу; 2) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқу; 3) Ақынның сөзіне жазылған бір әнін орындау. Додаға ақынның мұраларын терең сүйіне жаттап оқитын үздік 8 оқушы түсті. Олар ақын рухы – ұлт рухының, ұрпағының  ажырамас бөлшегі екендігін тағы дәлелдей түскендей.










Байқау қорытындысы бойынша, өнерін барынша ерекше шабытпен төгілтіп, тыңдарман жүрегін баураған 8 «Ә» сынып оқушысы Сейдахметова Нұршат І орынды, 7 «Ә» сынып оқушысы Есімбекова Рауан ІІ орынды, 10 «А» сынып оқушысы Қадырбаева Айгерім ІІІ орынды иеленді. Ал, қалған қатысушы оқушыларға Алғыс хаттар табыс етілді. Осындай үлкен, маңызы зор іс –шараға белсене қатысқан, жүректері «өнер» деп соғатын шәкірттердің  биікке самғауда қанаттарын еш талмасын!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздері жүрегімізден орын тапты. Мұқағали мұрасы – халық қазынасы. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді.

Л. Ғ. Мұсабекова 

Просмотров: 1607 | Добавил: kms | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Февраль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017