Средняя школа имени М.ГорькогоВоскресенье, 28.05.2017, 05:58

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 653
Главная » 2014 » Январь » 21 » «Айгөлек» байқауы өтті
«Айгөлек» байқауы өтті
15:50

2013 жылдың 12-ші желтоқсан күні мектебімізде аудандық Жастар саясатымен мектепшілік бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының бірлесіп ұйымдастырған «Айгөлек» ән-би байқауы өтті. 


Байқау ережесі бойынша талантты балаларымыз іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, байқау финалында тамаша өнер көрсетті. Әділ қазылар алқасында мектеп директоры Б.Т.Тәжібаев, аудандық Жастар саясаты орталығының жетекшісі Р.И.Умаров, тәуелсіз сарапшы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.І.Байболатова әділ бағаларын беріп, жас өнерпаздардың өнерлерін 5 номинация «Бүлдіршіндер әні», «Бүлдіршіндер биі», «Жасөспірімдер әні», «Жасөспірімдер биі», «Аспаптар» номинациялары бойынша бағалады. 


«Бүлдіршіндер әні» номинациясында Бас жүлдені 1 «а» сынып оқушысы Тұрсынбай Аяжан, І орынды Бабикова Карина, ІІ орынды Тұрсынова Әсем иеленсе, ІІІ орынды Есімбек Жансая «Ертегілер» әнімен жеңіп алды. Облыстық Жастар саясаты орталығының алғыс хатымен Тұрарбай Темірлан марапатталды.


 «Бүлдіршіндер биі» номинациясында тамаша өнерімен көрерменді тәнті еткен 1 «а» сынып оқушысы  Болат Жұлдыз Бас жүлдені жеңіп алса, І орынды  Скрылева Ксения қанжығасына байлады. ІІ орын Қожагелдиева Баянға бұйырса, ІІІ орынды Плотникова Инга  жеңіп алды. «Жасөспірімдер әні» номинациясында Бас  жүлдені 6 «а» сынып оқушысы Берікболова Айсұлу жеңіп алды. І орынды Мукатаева Еркежан, ІІ орын Ертаева Маринаға бұйырды. Облыстық Жастар саясаты орталығының алғыс хатымен 7 «а» сынып оқушысы Бүкенбаева Айнұр марапатталды. «Жасөспірімдер биі» номинациясы бойынша Бас жүлде 6 «а» сыныбының бишілер тобына бұйырды. І орынды 7 «ә» сыныбының бишілері алды. 


«Аспаптар» номинациясында «Қарлығаш», «Щелкунчик», «Қамажай» композициялары орындалды.  Бас жүлдені «Қоңыр» триосы «Қарлығаш» композициясымен, І орын – Ти Владислав Бахтың «Щелкунчик» композициясын орындап залды дүр сілкіндірді. облыстық Жастар саясаты орталығының алғыс хатымен Цай Снежана марапатталды. Барлық Бас жүлде иегерлеріне аудандық Жастар саясаты орталығының жетекшісі Р.И.Умаров DVD сыйға тартты. Бағалы орындарға ие болмай қалған өнерпаздарымызға «Жас Ұлан» ұйымының алғыс хаттарымен сыйлықтар табыс етілді. 

Ал мектеп әкімшілігі тарапынан аудандық Жастар саясатының жетекшісі Р.И.Умаров, аудандық «Алтынай» би ансамблінің жетекшісі А.А.Нүрпейісоваға Тәуелсіз еліміздің талантты жастарына қол ұшын беріп, өнердің дамуына зор үлес қосқаны үшін алғыс хат табыс етілді. Осындай жоғарғы деңгейде байқау өткізгендері үшін мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымын да облыстық Жастар саясаты орталығының алғыс хатымен марапаттады. Барлық өнерлі жастарымызға шығармашылық табыс тілеп, биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз!


Ж. Бейсенбаева

Просмотров: 1748 | Добавил: kms | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Календарь новостей
«  Январь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Поиск


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017