Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ - Жас мамандар
Средняя школа имени М.ГорькогоСуббота, 25.03.2017, 08:57

Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 650
Жұмыстың негізгі бағыттары

Психологиялық диагностика
Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай – тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.
- Психологиялық профилактика –
Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
- Психотүзету (психокоррекция) және дамыту –
Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту.
- Психологиялық консультация (кеңес) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу
Мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
- Психологиялық білімді көтеру –
Мақсаты: педагогикалық үрдістерге қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру.

Кәсіптік психограмма

Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі
- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы
- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы
- Жетекші болуға қабілеттілігі
- Әдептілігі, сыпайылығы
- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы
- Жарқын жүзділігі
- Шыдамдылық, төзімділік
- Үлкен жауапкершілікті сезуі
- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы
- Әрекеттегі ұқыптылығы
- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі
- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі
- Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы
- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі
- Ауруларға қамқорлық жасай білуі
- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі

Психолог құжаттары

- Білім мекемесіндегі психологтың жылдық жұмыс жоспары
- Психологтың апталық немесе айлық жұмыс жоспары
- Әр түрлі бағыттағы психологиялық диагностикалық және профилактикалық материалдар жинағы
- Жүргізілген зерттеулерді нәтижесі бойынша қорытынды шығару
- Психологтың кеңес беру журналы
- Психологтың топпен жұмыс бағдарламасы
- Топтық жұмысты есепке алу журналы
- Түзету жұмысы (егер арнайы топ құралса)
- Түзету-дамыту сабақтарына бағдарлама
- Балаға психологиялық-дәрігерлік-әлеуметтік көмек беру картасы
- Жүргізілетін сабақтардың бағдарламалары қысқа жоспары
- Психологтың аналитикалық есебі
- Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы

Педагогикалық ұжымды зерттеудегі диагностиканың маңызы

Педагогикалық ұжымды түбегейлі зерттеу үшін төмендегі көрсеткіштер бойынша мәліметтерге ие болу маңызды:
- Психологиялық атмосфера
- Ұжымның даму деңгейі
- Ұжым мүшелерінің бағалары мен өзара бағасы
- Ұжымды басқару стилі
- Ұжымды "басшы-қарамағындағылар” қатынасы
- Ұжымдағы әлеуметтік-коммуникативтік компетентіліктің және тұлғааралық қатынастың деңгейлері
- Педагогтардың өзіндік бағалары, тартымдылық деңгейлері
- Ересектер мен балаларға қатынасы бойынша эмпатия деңгейі
- Ұжым мүшелерінің көңіл-күйі, белсенділігі
- Ұжым мүшелерінің локус бақылауы
- Педагогтардың тұлғалық үрей деңгейі

Мысал түрінде берілген кеңес тақырыптары"Мектепке жас мамандардың бейімделуі”

"Мектепте бірінші сынып оқушыларының оқуға бейімделу спецификасы”
"Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту тәсілдері”
"Оқушының үлгермеушіліктен арылту жолдары”
"Жанұя тәрбиесінің стилі – тұлға деформациясының себебі”
"Конфликтілік жағдайларда мінез-құлықтың стратегиясы”
"Конфликтіні шешудің ойын әдістері”
"Оқушыларға кәсіби кеңес”

Психопрофилактика, психологиялық білімдерді насихаттау

"Тұлғалық –бағытпен оқыту- оқытуды жетілдірудің нәтижелі технологиясы” – мұғалімдермен семинар-практикум
"Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау”
"Жанұяда өзара әрекет стильдері және оның тұлғаның қалыптасуына ықпалы” – ата-аналар жиналысы

Тренингтер

"Ойын, мен түсініктерді танимын” – 5-ші сынып
"Мен қалай ойлай аламын” – 5-ші сынып
"Ақылды болу дегенді қалай түсінемін” – 5-ші сынып
"Педагогикалық біліктілікті дамыту – 9-шы сынып
"Қарым-қатынастағы позицияны талдай отырып, конфликтіден қалай шығу керек” – 10-шы сынып

Психолог-кеңесші, кәсіптік бағдар беру ережелері

Осы ауданға қатысты барлық мамандықтардың кәсіптік кестесін білуі керек.
Кәсіби кеңес беру кезінде міндетті түрде барлық мамандықтардың қолданбалы оң және теріс жақтарын, әр түрлі диагностикалдық әдістемелерін білуі қажет және керек болған жағдайда пайдалану керек.
Кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуға және жеке тұлғаның барлық оңтайлы (жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек.
Кеңес беру кезінде сенімділік жағдай туғызу және кеңесті әдепті , өнегелі түрде айтылуы керек. Жеке адамды – қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек.
Психолог әрбір оқушының жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілеті, мінез-құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, оқушының барлық көрсеткіштік мүмкіндіктерін дамыту керек.
Психолог жалпылап, жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп сұрақ қояды, ал кеңесші – жауапкершілігін сезіне отырып беруі керек.

Консультация жүргізудің әдептік принциптері

Конфеденциалдықты қамтамасыз ет.
Өзіңе шек қойып ұғуды ұмытпа.
Иррелванттық детальдар туралы сұраудан қаш.
Клиенттің саған қалай қарағанын керек етсең, солай оған да қара.


Форма входа


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017