Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ - Воспитательная работа
Средняя школа имени М.ГорькогоСреда, 22.02.2017, 02:19

Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 649


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ТІЛДЕР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЗАҢ АКТІЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
 
Мемлекеттік тіл мәселесі
 
Қазақ тілін оқыту мақсатында көрсетілетін әдістемелік көмек:
- тақырыптық курстар ұйымдастыру; - жаңа оқу жоспарларын және бағдарламалар жасау;
- іс шаралар жоспарлап, оларды ұйымдастыру;
- әдістемелік нұсқаулықтар шығару;
- қазақ тілін әлемдік стандарттар деңгейінде оқыту әдістемесін зерделеу;
- білім сатысы оқуларының сапасын бағалаудың түрлері (мониторинг, диагностика);
- тыңдаушылардың интерактивті, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды меңгеруін және тәжірибеде қолдана білуін қамтамасыз ету.
 
Нормативті құжаттар:
· Қаулы- қараулар, жарлықтар;
· Бұйрықтар;
· Іс-шаралар жоспары.
 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы., 1995 жылғы 30 тамыз (1998 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістермен)
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (27.07.2007 ж.№ 319-111)
3. Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» Заңы (1997 жылғы 11 шілде №151)
4. Қазақстан Республика Президентінің Жолдаулары
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
 
 7-бап
 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
 
14-бап
 
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 19-бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
 
41-бап
 
Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
 
58-бап
 
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
 
93-бап
 
Конститутцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары
 
• «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» 2004 жыл 19 наурыз;
• « Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» 28 ақпан 2007 жыл ;
• Жолдау 2 бөлімнен, 12 тараудан, 30 бағыттан тұрады..
• «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» 1наурыз 2006
• ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» 2005ж 18ақпан
 
ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУТЫҢ 2001-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
 
• Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету;
• Мемлекттік тілді мемлекеттік басқару, заң шығару, іс- қағаздары салаларында, халықаралық қызметте дамыту;
• Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдік даму;
• Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету;
• Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму.
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУТЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
 
Мақсаты: Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ҚР-ның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары негізінде білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту. Міндеттері:
1. Халықты сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
2. Білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіру;
3. Патриотизмге, мәдениеттілікке, адам құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
4. Білім мазмұны мен құрылымын жаңарту;
5. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу;
6. Білім беру сапасының ұлттық жүйесін құру;
7. Пед қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру.
 
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XII СЕССИЯСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
(ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен бекітілген):
- қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу міндеті;
- ұжымдағы мемлекеттік тілді оқыту курстары;
- мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін еместігі;
- патриотизммен тығыз байланысты нәрсе - мемлекеттік тіл мәселесі;
- жас, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі керек - қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керектігі аталып өтті.
 
ҚР БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰЖАТТАР
 
• ҚР Конституциясы;
• ҚР «Ғылым туралы заңы»;
• «Қазақстан - 2030» стратегиалық бағдарламасы;
• «Білім» мемлекеттік бағдарламасы;
• Баланың құқықтары туралы конвенция;
• Еуропа аймағында жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы;
• ҚР ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
• ҚР Білім беруді дамытудың 2002 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
• ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы;
• ҚР этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы;
• ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы;
• Қазақстан Республикасы Тіл саясаты тұжырымдамасы
Форма входа


Государственные символики Республики Казахстан
Расписания
Друзья сайта

Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн

Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Уштобе



Copyright MyCorp © 2017