Средняя школа имени М.ГорькогоСуббота, 25.11.2017, 12:29

Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта
Мини-чат
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 657

  Қазақстанның дамыған өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін білікті заңгерлердің заңнан хабары бар азаматтарымыздың көп болғаны дұрыс.
  Құқықтық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған күннен қолға алынса, жас жеткіншекке, жер шарындағы барлық заттардың құқықтық қамқорлыққа алынатындығын түсіндірсе, баланың қоғамдағы мінез-құлық тәртібі мен құқықтық мәдениеті қалыптасады. Оларды қалыптастыру – мектеп оқушыларының жасына сай мүмкіндіктерін, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу арқылы кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Бірінші кезеңде (1-4 сыныпта) өнегелілікке көбірек орын беріп; нәтижесінде істеген қылықтары үшін жауапкершілік туралы түсінік беріледі. Жас жеткіншекке отандық сүйіспеншілік , отаншылдық сезімді қалыптастырады.
Екінші кезеңде (5-8 сыныпта) бастапқы құқықтық білімді тереңдете отырып, еліміздегі өркендеп келе жатқан ел мәдениеті, өмірдің нормалары мен талаптарын жалпы қоғам үшін атқарылған еңбек жетістігі, қоғамға деген адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы сабақтар мен тәрбие жұмысы.
Үшінші кезеңде (9-11 сыныпта) Конституцияда өрбіген басқа заң түрлерінен толық хабардар болу қалыптасады. Қазақстан Республикасының Заң негіздері мен нормаларына байланысты нақты білім беру.

М. Горький атындағы мектепке дейінгішағын орталығы бар орта мектебінің
2009-2010 оқу жылында құқықтық білім мен тәрбие жұмысы төрт бағытқа бөлініп жоспарланған:

1. Аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясымен бірігіп құқық бұзушылықтың алдын алуүшін «Полицияның жас көмекшісі»тобының
жұмысы.
2. «Заң және мен» тобының құқықтық мәдениетті қалыптастыру және
АҚТҚ/ ЖҚТБ- ның алдын алу жұмысы.
3. «Педагогикалық тәрбиеге көнбейтін қиын» және Қ.А.І.І.Б. К.Т.І.Ж.Б-нің
есебінде тұрған балалармен жұмыс.
4. Өмірдің "Қиын” жағдайына тап болған балалармен жұмыс. /Сәтсіз отбасы,
жетім балалар/.



Мақсаты:

Қазақстан Республикасының Заңын және өз құқықтарын жете біліп, қорғай білетін тұлға тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету;
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
Қазіргі заман талабына сай парасатты, Отанын, елін, тілін
сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу;
Құқықтық негіздерінен алған білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрету;

Міндеті


- Кәмелетке толмағандардың қараусыз қалмауын, құқық
бұзушылықтарын болдырмау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі
жұмыстары жөніндегі мәселелерді шешу. Заң қызметкерлері мен
қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаруын үйлестіру,
кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық туралы
мәселелерін қарау және қоғамдық тәртіпті қорғау мекемелері
мен арнайы тәрбиелеу мекемелері арқылы әдістемелік жұмыс
жүргізу.
-  Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы маскүнемдік,
нашақорлық, жыныстық жүгенсіздік, зорлық-зомбылықтың
етек алуымен күресу;
-  Құқық тәртібін бұзған, сондай-ақ оқу тәртібін бұзуға,
маскүнемдікке, бұзақылыққа және адамгершілікке қайшы өзге
әрекеттерді жасауға бейім адамдардың есебін алып, олармен
жеке тәрбие жұмысын жүргізу.
  Заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайын талдау, қорытындылау мен зерттеудің негізінде тиісті органдарға заң бұзушылықтың себептері мен оның болуына көмектесетін жағдайларды жою туралы ұсыныстар мен нұсқаулар беру.
  Құқықтық білім мен тәрбиені жан- жақты тереңдету;
  Құқықтық мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру;

  Бірінші бағыт бойынша аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясымен бірігіп құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Полицияның жас көмекшісі» тобының жылдық жұмысында жүргізілген іс- шаралары төмендегідей.
  Топ командирі 9 «а» сынып оқушысы Сайлауханқызы Диана топ мүшелерімен «Мектепке жол» акциясын жүргізу барысында апта сайын мектепке келе алмайтын қиын балалар тобын мектепке тарту мақсатында рейдтерге қатысып, себепсіз сабақтан қалған оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізді.
  "Мектепке жол" акция аясында, аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оку жылына дайындығын тексеру мақсатында өткізілген рейд 5"б" сынып оқушысы Тян Максимнің үйіне барған кезден көрініс


«Әділеттілік заңы», «Есірткіге қарсы күрес» қабырға газеттерімен, «Зиянды зат және құрбылар», «Құқық бұзушылық» тақырыбына әңгіме – кеңес жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыс Заңы бойынша қылмыстың баптарын табу іскерлік ойындарын өткізді.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акция барысында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетіп, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алып мектеп бойынша көп балалы 23 отбасынан 34 бала, жартылай жетім 32-отбасындағы 34-бала, аз қамтылған 62-отбасындағы 70-бала тізімге алынып, жалпыға бірдей міндетті оқу қорының үш жүз қырық екі мың теңгесіне аз қамтылған, көп балалы және жартылай жетім, толық жетім отбасының жетпіс тоғыз оқушысына мектеп формасы, оқу-құралдары мен аяқ киімдер берілді.

"Мектепке жол” республикалық
акция аясында өткізілген
"Балалар жәрмеңкесі”


28 тамыз күнгі «Балалар жәрмеңкесінде» Қаратал аудандық су құбырының ұжымы бес мың теңгеге, көп балалы отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Н. Көдековаға спорт киімі мен аяқ киім (красовка), портфель мен оқу – құралдарын (күнделік, 20-дәптер,карандаш,қалам, сурет дәптерін) тапсырды.
Қаратал аудандық жол инспекторы Тапенов Саят Тұрсынханович аз қамтылған отбасының 3в сынып оқушысы Осман-Оглы Мадинаға бес мың теңгеге спорт киімі мен аяқ киім (красовка), портфель мен оқу – құралдарын (күнделік, 20 дәптер,карандаш,қалам, сурет дәптерін) алып, көмек көрсетті.
Қаратал аудандық спорт мектебінің басшысы Алимбетов Жолдасбай Акимбаевич аз қамтылған отбасының 7а сынып оқушысы Саукенов Темірланға бес мың теңгеге мектеп формасымен туфли және оқу құралдарын тарту етті.


«Заң және мен» тобының құқықтық мәдениетті қалыптастыру және АҚТҚ/ ЖҚТБ- ның алдын алу жұмысы бойынша «Бала құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтап,бопсалаудың алдын алу » тақырыбына 9-10 сынып оқушыларымен мектеп инспекторы А. Асанова дәріс жүргізді.
1-4 сынып сағаттарында Бала құқықтары туралы конвенцияның баптарынан түсінік берілді.
5-8 сынып сағаттарында Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтарымен таныстырулар және Дүниежүзілік ЖҚТБ індетіне қарсы айлық іс-шаралар жоспары құрылып, 1-5 желтоқсан аралығында 8-10 сынып оқушыларына АҚТҚ/ЖҚТБ- мен өмір сүретін және АҚТҚ-ға осал адамдардың құқықтарын шектеу мәселелері, 1-желтоқсан Халықаралық ЖҚТБ –мен күрес күні аясында 8-10сынып оқушыларына тренинг өткізілді.


«Педагогикалық тәрбиеге көнбейтін қиын» және Қ.А.І.І.Б.К.Т.І.Ж.Б-нің есебінде тұрған балалармен жұмыс бойынша 2009-2010 оқу жылының бірінші жарты жылдығында мектепішілік «қиын» тәрбиелі жеті оқушы ҚА КТІЖБ-нің есебінде екі оқушы болған. Бұл оқушылардың жанұясы туралы мәліметтер жиналып, ата-аналармен «Тәрбиелеуге міндеттісің» тақырыбында жеке әңгімелер, оқушылармен «Зиянды есірткі заттар және қылмыс» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді.


ҚАІІБ. КТІЖБ-нің есебінде екі оқушы болған. Екінші жарты жылдықта бір оқушы қалды.
Өмірдің "Қиын” жағдайына тап болған балалармен жұмыс. /Сәтсіз отбасы,
жетім балалар/.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет жинап, балалармен жеке әңгімелер жүргізіледі.

Сәтсіз отбасы балаларының ата-аналарына жолдау, «Әділеттілік Заңы» тақырыбына әңгіме өткізіліп мекен-жайларын аралап тұрамыз. «Қамқорлық» акциясын өткізіп қажетті киімдер мен оқу құралдарынан көмек берілді.


  • Сәтсіз отбасынан көрініс
  • Форма входа


    Государственные символики Республики Казахстан
    Расписания
    Друзья сайта

    Қазақстан Республикасының ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ

    Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

    Республиканский институт повышения квалификации

    Национальный центр информатизации

    Ент тесты онлайн

    Обмен баннерами

    Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

    После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать

    Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Уштобе



    Copyright MyCorp © 2017