Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ - Главная страница
Средняя школа имени М.ГорькогоВторник, 09.02.2010, 14:32

Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Меню сайта

Мини-чат
200

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 29



 
   М.Горький атындағы МДШО орта мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер!                Добро пожаловать на официальный сайт средней школы имени М.Горького с ДМЦ
 

 


«Жетісу аруы - 2009» байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Алтынай Елікбаева облыс мақтанышына айналды.  

                                  Облыс әкімнің жүлдесі үшін өткізіліп жүрген «Жетісу аруы» байқауы осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқаудың мақсаты – тектілікті, сабырлылықты, парасаттылықты, нәзіктікті кейінгі ұрпақ бойына дарыту. Жан мен тән сұлулығын қатар алып жүру. Қазақ арулары бойындағы асыл қасиеттерін өскелең ұрпаққа дәріптеу.

«Жетісу аруы – 2009» байқауына биыл 26 үміткер қатысса, оның 17-сі іріктеу турынан өткен. Ал қорытынды сынға 8 ару жолдама алды. Аптаның сейсенбісі күні аруларымыз І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ақтық сайысқа түсіп, өз бақтарын сынады. Облыстағы жеті аудан: Көксу, Қаратал, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Ақсу және Талдықорған қаласынан қатысқан арулар сыртқы келбеті, өнер жағынан бір-бірінен кем түспеді. Дегенмен, ақыл, ой жағынан сынға түскенде кейбір қыздарымыздың сүрініп қалғаны да рас. Мәселен, бес номинацияның үшіншісі – «Сымбатқа парасаты сай келсе» деген тақырып бойынша билет сауалдарына жауап беруде қарапайым сұрақтың жауабын таппаған қыздар да болды. Алайда, жарысқа қатысушылардың бірі оза шауып алға шықса, бірі қатарға іліге алмай қалатындығы өмір заңдылығы. Дегенмен, сегіз қыздың ішінен Қаратал мен Кербұлақ ауданынан келген ару қыздарымыз бірден көрерменнің көзайымына айналды. Залда отырғандардың қошеметінен соң-ақ осы екі қыздың топ жарып алға шығатындығы аңғарылды. Сонымен, ақтық сын қорытындысы бойын-ша бас жүлде Қаратал ауданынан келген
М.Горький атындағы МДШО орта мектебінің11-сынып оқушысы Алтынай Елікбаеваға, бірінші орын Кербұлақ ауданынан қатысқан Ақбота Қалқабековаға, екінші орын Әйгерім Бекмұхаметоваға (Қарасай ауданы) берілді. Ақсу ауданынан қатысқан Дана Бөгембаева үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Көрермендер көзайымы» жүлдесімен Талдықорған қаласынан қатысқан Арайлым Жалбағаева, «Өнерлі ару» жүлдесімен Жұлдыз Далбаева (Көксу ауданы), «Инабатты ару» жүлдесімен Райымбек ауданынан келген Әйгерім Байғайыпова марапатталды. Жеңімпаздарға диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді. Байқау соңында облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры, алқа төрағасы Ерлік Әлімқұлов биылғы байқаудың былтырғыдан да ерекше өткендігін тілге тиек етіп, аруларға алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беруге тілектестік білдірді.


 

 "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” акциясы

 

Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан "Мектепке жол” жалпыреспубликалық акциясы басталды. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осы мақсатта мектебімізде өткізіліп жатқан шараларға мектептен шыққан түлектерімізді, жүрегінде қайрымдылық оты бар кәсіпкерлерді атсалысуға шақырамыз!
 

 
Құрметті М.Горький орта мектебінің түлектері: Сіздерді 25 мамыр «Соңғы қоңырау» салтанатына шақырамыз!

                                                                                              Әкімшілік

 

Уважаемые выпускники средней школы имени М.Горького, приглашаем Вас на праздник «Последнего звонка»!

                                                                                             Администрация

 

 
24 апреля у нас состоялся  I - внутришкольный Форум "ИКТ в образовательном процессе: опыт, поиск, проблемы" по поддержке Президентской Инициативы Интерактивного Обучения.
Форма входа
E-mail:
Пароль:


Государственные символики Республики Казахстан

Расписания

Друзья сайта

Алматинский областной центр новых информационных технологий в образовании

Республиканский институт повышения квалификации

Национальный центр информатизации

Ент тесты онлайн


Обмен баннерами

Средняя школа имени М.Горького с ДМЦ

После размещения баннера на своем сайте напишите администратору  написать


Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

 



Copyright MyCorp © 2010